14 қаз, 2020 сағат 19:18

Қасым хан туралы фильм түсіріледі

«Қазақфильм» киностудиясы Қасым хан туралы жаңа тарихи фильмнің түсірілімін бастайды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазақфильмнің» баспасөз қызметі атап өткендей, жақын уақытта киностудия Қасым хан туралы толық метражды фильмнің жобасын жүзеге асырмақшы. Тарихи фильмнің режиссері Ақан Сатаев болады. 

«Режиссер Ақан Сатаев бастаған шығармашылық топты 1511-1521 жылдары Қазақ хандығын басқарған аты аңызға айналған ханның тарихи бейнесін жаңғыртуда көп жұмыс күтіп тұр. Дәл осы жылдары мемлекет Шығыс Дешті – Қыпшақтың ауқымды территориясына бақылау орнатты. «Қасым ханның қасқа жолы» деген атпен белгілі заң жасалып, шығарылды. Ол дәуірде қазақтар тәуелсіз этникалық қауымдастық ретінде біздің территориямыздан тыс жерлерде де танымал болды», - деп хабарлады киностудияның баспасөз қызметі. 

Фильмді түсіру жұмыстарды 2021 жылдың желтоқсанында аяқтау жоспарланып отыр.