03 қыр, 2021 сағат 20:07

"Қаскөй бүлдіршінді үйіне кіріп зорлаған": Шулы оқиға ақтөбеліктерді дүр сілкіндірді


Ақтөбеде кәмелетке толмаған қызға зорлық көрсетті деген айыппен күдікті ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бүгін сағат 10:15 шамасында Ақтөбе қалалық полиция басқармасы Жедел басқару орталығының 102 телефонына хабарлама түсті. Онда ағайынды Жұбановтар көшесіндегі пәтерлердің бірінде кәмелетке толмаған қызды белгісіз біреудің зорлағаны туралы айтылған. 

«Оқиға орнына полицияның барлық жасағы, жедел-тергеу тобы жіберілді. Полиция жасақтары белгісіз адамның пәтерге барып, есікті қаққанын, үйде жалғыз болған қыздың есікті ашқанын анықтады. Пәтерге кірген күдікті кәмелетке толмаған қызға жыныстық қылмыс жасаған. Кейін қашып кеткен. Полицияның барлық қызметінің қажырлы және үйлесімді жұмысының нәтижесінде жедел шаралар кешенін өткізіп, күдіктіні анықтап, «ізін суытпай» ұсталды. ҚР ҚК 120-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық іс полиция департаменті бастығының бақылауында. Ішкі істер органдары балаларды бақылауды қамтамасыз ету, қауіпсіздік ережелерін түсіндіру қажет екенін еске салады. Әсіресе бейтаныс адамдармен сөйлесуге болмайтынын үнемі айтып отыру керек», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.