12 там, 2020 сағат 07:25

Кәсіподақтар федерациясы ZOOM – конференция өткізді

11 тамызда еліміздің қоғамдық бірлестігі – ҚР Кәсіподақтар федерациясы ZOOM – конференция өткізді. Конференция барысында Кәсіподақтар федерациясының өкілдері «Nur Otan» партиясының праймеризін өткізу бастамасын қолдайтынын мәлімдеді.

ZOOM-конференцияға «Батыс Қазақстан облысының Кәсіподақ орталығы» -Айгүл Есекенова, «Қостанай облысының Кәсіподақ орталығы» – Екатерина Смышляева, «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ – Сапарбек Дүйсенов, «Құрылыс кешені және ТКШ қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ – Кусеин Есенғазин, «YNTYMAQ» қазақстандық орта және шағын бизнес қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ төрағасы Қайрақбай Жаңабеков сияқты белді төрағалары (аумақтық кәсіподақтар бірлестіктері), сондай-ақ «NurOtan» партиясының хатшысы Әлібек Алденей қатысты.

Жиынның модераторы ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев болды. Ол еліміздің ірі қоғамдық бірлестігі бастауыш партияларға қатысуға мүдделі екенін және «Nur Otan» партиясының институционалдық серіктесі болып табылатынын атап өтті. Нұрлан Өтешев бүгінде кәсіподақ мүшелерін қызықтыратын және праймериздерге қатысу бойынша бірқатар жиі қойылатын сұрақтарды айтты. Атап айтқанда, көтерілген сұрақтар сайлаудың шарттары мен кезеңдері, электоратпен онлайн-кездесулер мен дауыс беру тәртібі, сондай-ақ дауыстарды есепке алу жүйесі туралы болды.

Партия праймериздеріне кәсіподақтың қатысуы туралы айта келе, ҚРКФ төрағасының орынбасары мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлеріндегі әлеуметтік-еңбек мәселелерін шешуде кәсіподақ ұстанымдарын күшейтудің маңыздылығын атап өтті. «Кәсіподақтар үшін әлеуметтік серіктестік тек декларативті құрал ғана емес, сонымен қатар практикалық сипатта болғанын қалаймыз. Сондықтан да біз осы процеске қатысатын боламыз», - деп мәлімдеді Нұрлан Өтешев.

«Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы Сұлтан Қалиев өңірлердегі кандидаттармен жұмыс істеудің маңыздылығына мән берді. Оның айтуынша электоралды базаға және белгілі бір аймақтың әлеуметтік-демографиялық картасына байланысты ұсыныс шарттары бар.

Партия хатшысы Әлібек Әлденей праймериздерді енгізу – бұл «Nur Otan» партиясының қоғамның жаңа сұраныстарына және барлық өкілді органдардың жаңаруына берген жауабы екенін атап өтті. «Бәсекелестік негіздегі іріктеу ең білікті және бір саланы жетік меңгерген азаматтарды анықтап қана қоймай, сондай-ақ жаңа идеялар, көзқарастар мен жобалар береді. Алдағы сайлау пропорционалды жүйе бойынша өтеді. Әрбір сайлау округі өзінің сайлауалды бағдарламаларын ұсынуы тиіс, олар бүгінде өңірлерде болып жатқан өзекті мәселелерді көтеріп және оларды шешу арқылы көрініс табады», – деді Әлібек Әлденей.

Естеріңізге сала кетейік, жалпыреспубликалық партияішілік сайлау 2020 жылдың 17 тамызы мен 3 қазаны аралығында өтеді. Праймериздің негізгі мақсаты партиялық тізімдерді бәсекелестік және ашық негізде қалыптастыру.

Кәсіподақтар федерациясымен және «Nur Otan» партиясы арасындағы серіктестік бірлескен іс-қимылдар мен ынтымақтастықты үйлестіру мақсатында, оның ішінде праймериздерді өткізу мәселелері бойынша қол қойылған өзара ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде жүзеге асырылады.