20 мам, 2022 сағат 10:25

Кәсіпқой бокс: Әлімханұлы мен Дигнум көз арбасты - видео


Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) мен ұлыбританиялық Дэнни Дигнум (14-0-1, 8 KO) Лас-Вегаста өтетін жекпе-жек алдында көз арбасу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

WBO тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы титулы үшін өтетін жекпе-жек 22 мамырға жоспарланған.

Қос боксшы арнайы рәсімде бір-бірінің көзіне ұзақ қарап тұрды. Нәтижесінде Дигнум бірінші болып Әлімханұлын "мойындағандай" әсер қалдырды.

"Орта салмақтағы WBO тұжырымының уақытша титулы сарапқа салынады", - деп жазды TopRank жүктеген видеосының астына.