29 жел, 2020 сағат 10:46

Кәсіпкерлік саласын дамытуға көп көңіл бөлінеді

Түркістан-Шардара. «Nur Otan» партиясы атынан Шардара аудандық мәслихатына үміткерлер бүгін ауданымызда жүзеге асып жатқан ауыл шаруашылығын дамыту саласындағы жұмыстармен танысты. Осы орайда үміткерлер кәсіпкерлермен, шаруа қожалық иелерімен кездесулер өткізді.

Жиындар барысында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасы мен партияның жетістіктері туралы кеңінен тарата айтты. Сонымен бірге оларды сайлау күні «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

– Аудан тұрғындарының негізгі табыс көзі – ауылшаруашылық саласы.

Мемлекеттік бағдарламалар және жеке инвесторлар есебінен өңдеу, ауыл шаруашылық, шағын және орта бизнес салаларында барлығы 72,3 млрд. теңгені құрайтын 86 жобаны жүзеге асыру жоспарланды. Алдағы 5 жылда осы көрсеткіштерді ұстап тұруға жұмыс жасалады.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:

  • - бес жыл ішінде мүйізді ірі қара мал басын 48,4 мыңнан 58,4 мың басқа, қой малының санын 189,6 мыңнан 219,9 мың басқа арттыруға;
  • - 2021 жылы Алатау батыр ауылдық округінде ет бағытындағы 1000 бас ірі қара фермасын салуға;
  • - 2022 жылы Алатау батыр а/о күріш өңдеу цехын ашуға;
  • - 2023 жылы Көксу ауылдық округінде 200 бастық бордақылау алаңын салуға ықпал етеді, - дейді «Nur Otan»-дықтар.

«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалы сайлауалды штабының қорынан төленді.