02 шіл, 2020 сағат 13:15

Кәсіпкерлер Елордада маска шығаратын зауыт ашпақ

Елордада медициналық маска шығаратын зауыт ашылмақ, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Бұл туралы Айдар Махамбет Фейсбук парақшасында сүйіншілеп жазды.

«Мына індетке қарсы күресу үшін біздің достарымыз Елордамызда жаңа бет перде заводы қосқалы тұр.

Әлдеде сертификаттарын алу керек, кейін сатып алуға болады.

Атап айтқанда ЖШС "Болашақ 2019" тәулігіне 45 мың дана бетперде шығарады.

Көп алсаңыз менің скидкам бар.

Астындағы ашық көзден алған ақпарат.

Медициналық бетперделер және залалсыздандыру құралдарының өндірісі туралы:

2020 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша елімізде тәулігіне 772 мың дана бетперде өндіріледі. Оның ішінде фармацевтикалық кәсіпорындар 567 мың, тігін кәсіпорындары 204 мың дана өндірді. Қоймаларда 4  млн.-нан астам бетперде бар. Тиісті ақпарат "СҚ-Фармация" ЖШС-не беріліп тұрады. Өз кезегінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өндірілген өнімді ел өңірлеріне бөледі.

Бүгінде дәке және бөзден тігілген бетперделер атқарушы органдармен жасалған шарт негізінде жеткізіледі» деп жазды ол.

Айта кетейік, қазіргі кезде бетперделер өндірісі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қатаң бақылауына алынды. Қосымша өндірісті іске қосу және өндірісті кеңейту нәтижесінде бетперделер өндірісінің көлемі тәулігіне 1 млн. данаға жетті.

Залалсыздандыру  құралдарына келсек,  ағымдағы жылдың 30 маусымында 63 350 литр залалсыздандыру құралдары шығарылды. Қоймада 331 576 литр, тұтынушыларға көшелер мен үй-жайларды тазалау үшін және дәріхана желілеріне 56 730 литр жөнелтілді.

Анықтамалық:

Фармацевтикалық кәсіпорындар: "Dolce" ЖШС (Алматы обл.) 178 675 дана/тәулік, "Medical Active Group" ЖШС (Алматы қ.) 3000 дана/тәулік, "MegaPharma" ЖШС (Жамбыл обл.) 50 000 дана/тәулік, "ТК-Фарм Ақтөбе" ЖШС (Ақтөбе қ.) 40 000 дана/тәулік, "Ecos" ЖШС (Алматы қ.) 2 000 дана/тәулік, «Bizhon» ЖШС (Шымкент қ.) 66 500 дана / тәулік, "Болашақ 2019" ЖШС (Нұр-Сұлтан қ.) 45 000 дана/тәулік," Vita Pharma " ЖШС (Нұр-Cұлтан қ.) 2 000 дана/тәулік, BIONIC-PRO ЖШС (Нұр-Сұлтан қ.) 180 000 дана/тәулік.