Енді қашықтан оқыту форматынан дәстүрлі форматқа көшіру қиын жұмыс болмақ. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Тағы бір мәселе – ол қашықтан оқыту тетіктерін жетілдіру. Пандемия аяқталғаннан кейін университеттер, колледждер мен мектептерде қай мөлшерде және қандай жағдайда қашықтан оқыту тетігін дамытамыз деген өте маңызды сұрақ болып тұр. Сондықтан бұл мәселені де пысықтап жатырмыз. Қазіргі кезде бірте-бірте мектептер ашылып жатыр. Десек те қиын міндет мектептерді жауып, осындай қашықтан оқытуға көшіру емес, яғни, керісінше, енді қашықтан оқыту форматынан дәстүрлі форматқа көшіру қиын жұмыс болады. Сондықтан осы мәселені жан-жақты қарастырып, тиісті жұмыста атқаруымыз керек», - деді А. Аймағамбетов.
Оның айтуынша, бұл бағытта министрлік арнайы бағдарлама әзірленіп дайындалды.