25 қар, 2020 сағат 21:45

«Қашағаннан» төрт жылда 50 млн тонна мұнай өндірілді

Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы «Қашаған» кен орнынан төрт жылда өндірілген мұнайдың көлемі 50 млн тоннаға жетті.

«Солтүстік Каспий жобасының операторы – NCOC компаниясы тағы бір маңызды көрсеткішке қол жеткізді. «Қашаған» кен орны 2016 жылдан бері 50 млн тонна мұнай өндіріліп, экспортталды» - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі. 

Компания COVID-19 инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында қауіпсіздік шараларын қабылдап, нысандардағы жұмыс күшін шектеген. Соған қарамастан, «Қашаған» кен орнын игерудің бірінші кезеңі шеңберінде мұнай өндірудің тұрақтылығын, өзге де нысандардың жұмысын қамтамасыз етуде.