10 там, 2022 сағат 08:21

Қашағанда өндіріс қайта жанданды


10 тамызға қараған түні Қашаған кен орнында өндірісті кезең-кезеңімен қалпына келтіру басталды, деп хабарлайды Солтүстік Каспий жобасының операторы NCOC (North Caspian Operating Company) баспасөз қызметі.

Бұл жұмыстар кезінде құрлық және теңіз нысандарында тиісті рұқсат шеңберінде шектеулі көлемде газ жағылатыны күтіліп отыр.

"Газ жағу — Қашаған кен орнын игеру жобасындағыдай күрделі өндірістік операцияларды қайта жандандыру барысындағы стандартты процесс және ол шектелген уақыт аралығында үзілмелі режимде жүргізіледі", - деп түсіндірді компания өкілдері.