05 там, 2022 сағат 15:45

Қашағанда мұнай өндіру толығымен тоқтатылды


Қашаған кен орнында газдың шығуы белгілеріне байланысты жұмыс тоқтатылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ақпаратты Солтүстік Каспий жобасының операторы - NCOC (North Caspian Operating Company) компаниясы растады.

"3 тамызда өндіріс алаңында газ кету белгілері анықталуына байланысты «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысының жұмысы қауіпсіз жолмен тоқтатылды.

Стандартты процедураларға сәйкес газ датчиктерінің іске қосылуына байланысты қондырғылардағы қысым алау жүйесі арқылы түсірілді", - делінген компания ұсынған мәліметте.

Оқиға кезінде адамдар денсаулығына зиян келмеген.

"Батыс Ескенедегі ауа сапасын бақылау бекеттерінде ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген нормадан асуы тіркелмеді. Қазіргі уақытта өндірісті қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Біз өндірісті тезірек қалпына келтіреміз деп үміттенеміз", - деді NCOC баспасөз қызметіндегілер.