10 қар, 2020 сағат 08:35

KASE: Теңге нығайды

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Таңертеңгі сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 9 қараша кешімен салыстырғанда 2,20 теңгеге төмендеп, 1 доллар үшін 428,97 теңгені құраған. 

Ұлттық банктің 10 қарашадағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 431,1 теңге.

Айта кетейік теңге қор биржасында апта басынан бері нығайып келеді.