16 қыр, 2021 сағат 11:20

KASE: Теңге бағамы нығайды


Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 15 қыркүйек кешімен салыстырғанда 1,48 теңгеге құлдырап, 1 доллар 424, 89 теңге болды. 

Ұлттық банктің 16 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 426, 39 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 424,62 теңге, сатып алу – 426,26 теңге. 

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 424,86 теңгеден болса, сатып алу құны – 426, 06 теңге.