07 қаз, 2020 сағат 08:30

KASE қор биржасында доллар тағы арзандады

KASE Қазақстан қор биржасында доллар теңгеге қарағанда арзандай түсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Таңертеңгі сауда нәтижесі бойынша доллар кешегі сауда нәтижесіне қарағанда 0,49 теңгеге, яғни 428,87 теңгеге арзандады.

ҚР Ұлттық банкінің 7 қазандағы ресми бағамына сәйкес 1 доллар 429,46 теңге болды.

Айта кетейік, АҚШ валютасы үшінші күн қатарынан арзандап келеді.