06 қаз, 2020 сағат 08:35

KASE қор биржасында доллар арзандады

Қазақстан қор биржасында (KASE) доллар теңгеге қарағанда арзандады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Таңертеңгі сауда бойынша Қазақстан қор биржасында доллар 1,25 теңгеге арзандап, 429,41 болды. 

ҚР Ұлттық банкінің ресми бағамы бойынша 6 қазанда 1 доллар 430,8 теңге тұрады. 

Айта кету керек, АҚШ валютасы Қазақстан қор биржасында екі күн қатарынан құнсызданып келеді.