24 там, 2021 сағат 11:15

KASE: Доллар бағасы арзандады


Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 23 тамыздың кешімен салыстырғанда 1,67 теңгеге құлдырап, 1 доллар 424, 19 теңге болды. 

Ұлттық банктің 24 тамыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 426,00 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 424,15 теңге, сатып алу – 425,70 теңге. 

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 423,84 теңгеден болса, сатып алу құны – 425,10 теңге.