08 мау, 2020 сағат 10:18

KASE: Доллар бағамы төмендеді

Қазақстан қор биржасында (KASE) сауда-саттық қортындысы бойынша доллардың теңгеге шаққандағы бағамы арзандады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Таңертеңгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар 2,09 теңгеге түсіп, 1 доллар - 397,44 теңге болды. 

Kurs.kz сайтының мәліметінше, ақша айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа курсы 1 доллар - 398,06 теңге, сату бағасы - 399,67 теңге. 

Нұр-Сұлтан қаласында сәйкесінше 397,94 және 399,11 теңге. 

Ұлттық банктің 8 маусымдағы ресми курсында 1 доллар – 399,67 теңге.