14 там, 2019 сағат 17:11

KASE: Доллар бағамы 1,3 теңгеге арзандады

Қазақстан қор биржасында (KASE) сәрсенбі күні өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы Т+1 есебімен (USDKZT_TOM, келісім аяқталғаннан кейін келесі күнгі есебімен) 1 долларға 386,16 теңгені құрады, деп хабарлайды KASE.

Сейсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 1,33 теңгеге төмендеген.

Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға – 385,7 теңге, ал ең жоғарысы – 386,45 теңге болды. Сауда көлемі 67,825 млн долларды құрады.

Сейсенбі күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 387,49 теңгені құрады. Сауданың жалпы көлемі 113,55 млн доллар болды.