19 қар, 2020 сағат 08:40

KASE: Доллар арзандап, теңге нығайды

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 18 қараша кешімен салыстырғанда 0,82 теңгеге құлдырап, 1 доллар үшін 427,78 теңгені құраған. 

Ұлттық банктің 19 қарашадағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 428,76 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 429,30 теңге, сатып алу – 427,77 теңге. 

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 429,33 теңгеден болса, ал сатып алу – 428,18 теңгені құрайды.