20 там, 2021 сағат 12:04

KASE: Доллар арзандады


Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы сәл төмендеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 19 тамыз кешімен салыстырғанда 0,03 теңгеге құлдырап, 1 доллар 426, 68 теңге болды. 

Ұлттық банктің 20 тамыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 426, 66 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 426,28 теңге, сатып алу – 427,85 теңге. 

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 426,01 теңгеден болса, сатып алу құны – 427,60 теңге.