17 там, 2021 сағат 12:29

КАSЕ: Доллар арзандады


Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 16 тамыз кешімен салыстырғанда 0,46 теңгеге құлдырап, 1 доллар 425,07 теңге болды. 

Ұлттық банктің 17 тамыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 425, 58 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 424,62 теңге, сатып алу – 426,16 теңге. 

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 424,41 теңгеден болса, сатып алу құны – 425,54 теңге.