09 қар, 2020 сағат 08:40

KASE: Доллар арзандады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Таңғы сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 6 қарашаның кешімен салыстырғанда 1,18 теңгеге арзандап, 1 доллар үшін 431,20 теңгені құраған. 

Ұлттық банктің 9 қарашадағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 432,43 теңге.