10 қыр, 2020 сағат 08:22

KASE: доллар арзандады

Қазақстан қор биржасында (KASE) доллар теңгеге қарағанда әлсіреді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Таңертеңгі сауда нәтижесіне сәйкес доллар 0,63 теңгеге арзандап, 425,73 теңге болды. 

ҚР Ұлттық банкінің ресми курсы бойынша 1 доллар - 426,36 теңге болды. 

Бұған дейін ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова ұлттық және әлемдік валюта нарығындағы қаржылық ахуал туралы баяндаған болатын. Оның ішінде теңге бағамының әлсіреу себептерін айтты.