17 қыр, 2020 сағат 09:40

KASE: Доллар арзандады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы өзгерді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" KASE-ге сілтеме жасап.

Бейсенбі күнгі сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 16 қыркүйек кешімен салыстырғанда 1,83 теңгеге құлдырап, 1 доллардың құны 422,82 теңге болған. 

Ұлттық банктің 17 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 424,65 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде долларды сату құны 424,53 теңге, сатып алу – 422,94 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату құны 424,67 теңге болса, сатып алу – 423,23 теңгені құрайды.