11 жел, 2020 сағат 08:24

KASE биржасында теңге тағы күшейді

Қазақстан қор биржасында (KASE) доллар бағамы теңгеге қарағанда арзандады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Таңертеңгі сауда қорытындысына сәйкес доллар 10 желтоқсандағы бағасына қарағанда 1,15 теңгеге арзандап, 419,03 теңге болды. 

11 желтоқсандағы ҚР Ұлттық банкінің ресми курсы 1 долларға 420,16 теңге болды. 

Айта кету керек, теңге нарықта бірқатар әлсіреуден соң күшейді.