09 ақп, 2026 сағат 12:25

Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз кәсіпкерлік қызметке қатысты тергеуді аяқтады

Фото: ашық дереккөз

«Актив Ломбард» желісінің иесі К. заңсыз схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Ult.kz.

Клиенттермен жасалған комиссиялық шарттарда сыйақы мөлшерлемесінің орташа деңгейі тәулігіне 1,73%-дан 2,07%-ға дейін жетіп, белгіленген нормадан (0,3%) 5 есеге жоғары болған. Нәтижесінде 1,9 млн-нан астам шарт жасалып, қылмыстық кіріс көлемі 19 млрд теңгеден асқан.

Тергеу материалдарына сәйкес, қылмыстық кірістердің шығу көзін жасыру мақсатында К. оларды заңдастырудың көп деңгейлі схемасын әзірлеп, іске асырған.

Осы тәсілмен 5 млрд теңгеден астам қаражат шығарылған.

Сот санкциясымен конфискациялау мақсатында жалпы құны 8,9 млрд теңге болатын: елордадағы 4 пәтер және 2 тұрғын үй, БАӘ-дегі 4 апартамент, 6 автокөлік, оның ішінде Lexus LX 600, Rolls Royce Cullinan, Mercedes-Benz G63, Bentley Bentayga V8, Land Rover Range Rover Sport, сондай-ақ депозиттік шоттардағы 2,7 млрд теңге көлеміндегі ақшалай қаражат бар.