05 қаз, 2020 сағат 09:29

Қаржы министрлігі «Электрондық декларациялау орталығы» ілкі жобасын іске қосты

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті кедендік әкімшілендіруді цифрландыру және жаңғырту аясында «Электрондық декларациялау орталығы» пилоттық жобасын іске қосты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жобаның мақсаты - тауарларды ішкі тұтыну үшін рәсімдеу кезінде Комитеттің құрылымдық бөлімшесі деңгейінде кедендік өзге де құжаттарды және мәліметтерді тексеру нысанында кедендік бақылауды барынша орталықтандыру арқылы кедендік әкімшілендіру деңгейін көтеру.

Ілкі жобада кедендік құнды анықтауына, тауарларды жіктеудің дұрыстығына, сондай-ақ жасалған жеңілдіктердің заңдылығына құжаттық бақылау жүзеге асырылады. Бұл ретте тексеру үшін, қажетті құжаттар мен мәліметтерді сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар АСТАНА-1 ақпараттық жүйесі арқылы ұсынады.

Бірінші кезеңде Ақмола, Атырау, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттерінің кеден бекеттері жобаға қосылды. Алдағы уақытта басқа аумақтық мемлекеттік кірістер органдарын біртіндеп қосу жоспарлануда.

Электронды декларациялау орталығында рәсімдеудің артықшылықтары:

- тауарлардың кедендік құнын бақылау процесін Комитет деңгейінде орталықтандыру, бұл баға саясатымен қабылданатын шешімдердің біркелкілігіне әкеледі;

- тексеруші уәкілетті лауазымды тұлға мен декларанттың байланысын жою, өйткені барлық өзара іс-қимыл ақпараттық жүйе арқылы тек электрондық нысанда жүргізіледі;

- сыртқы сауда жүктерінің логистикасына арналған шығындарды оңтайландыру, себебі тауарды декларациялау үшін декларанттың орналасқан жері маңызды емес, бұл ретте тауарлар кез келген шекара маңындағы терминалдарда орналастырылуы мүмкін.