02 ақп, 2023 сағат 13:14

Қаржы министрі депутаттарға жыл сайын қанша ақша жұмсалатынын айтты

Фото: senate.parlam.kz

Үкімет басшысының орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Парламенттің қос палатасына жыл сайын 6,5 миллиард теңге жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазақстанда Парламент қос палатадан тұрады. Жоғары палата - Сенат, төменгі палата - Мәжіліс.

"Мәжіліс пен Сенат депутаттарына қарастырылған қаражат республикалық бюджеттің баптарында көрсетілген. Бұл - ашық ақпарат. 2023 жылға Парламенттің екі палатасын қаржыландыруға 6,5 миллиард теңге бөлінген. Оның ішіне жалақы, іссапарға баратын қаражат, іссапардағы күніне төленетін ақша, ұшақ билетінің құны кіреді", - деді Жамаубаев Сенатта өткен брифингте.

Айта кетері, Сенатта 50 депутат, ал Мәжілісте 107 депутат бар. Жақында Президент төменгі палатаны таратып жіберді. Келесі айда Мәжіліс сайлауы өтеді.