06 ақп, 2024 сағат 18:18

Қаржы министрі ауысты


Фото: Ақорда

Қаржы министрі лауазымына Мәди Тәкиев тағайындалды. 

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Мәди Төкешұлы Такиев Қазақстан Республикасының Қаржы министрі лауазымына тағайындалды», — деп жазды Ақорданың ресми сайты.

1978 жылы 1 сәуірде Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас ауылында дүниеге келген.

2023 жылғы наурыздан бастап – VII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі. «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен (2014), «Құрмет» орденімен (2021), сондай-ақ мерейтойлық медальдармен және ведомстволық наградалармен марапатталған.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген. Үйленген, үш ұлы бар.