08 шіл, 2020 сағат 20:58

Қаржаубай Сартқожаұлы індет жайлы: Күш біріктірсек, ғана бұл қиындықтан құтыламыз

Әлемге таралған жұқпалы індет халқымыздың еңсесін баса алмайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты үндеуі жайлы «Отандастар қоры» жанынан құрылған «Қоғамдық қабылдау» комиссиясының мүшесі, жазушы, түркітанушы Қаржаубай Сартқожаұлы осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдаған үндеуін тыңдадым. Президент бастамасын толық қолдаймын. Әлемге таралған жұқпалы індет халқымыздың еңсесін баса алмайды. Елімізде карантин режимі ерте енгізіліп, сақтық шаралары уақтылы жасалды. Десе де қазіргі уақытта ауру жұқтырған адамдардың саны артып барады. Біз бірлікте күш біріктірсек ғана бұл қиындықтан құтыламыз. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі алғашқы кезеңнен бастап халыққа ақпарат беріп отырды. Кеткен кемшіліктерді уақыт таразылайды», - дейді Қаржаубай Сартқожаұлы.