25 там, 2022 сағат 23:50

Карим Бензема – UEFA өткен маусымының үздік ойыншысы

Фото: Getty Images

Испанияның «Реал Мадрид» клубының және Франция құрамасының шабуылшысы Карим Бензема UEFA нұсқасы бойынша өткен маусымның үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Француз шабуылшысы аталған марапатқа UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңі жеребесінің тартылу рәсімінен кейін ие болды. 

Биыл аталған атаққа «Реал Мадрид» және Бельгия құрамасының қақпашысы Тибо Куртуа, Англияның «Манчестер Сити» және Бельгия құрамасының жартылай қорғаушысы Кевин Де Брёйне үміткер болған еді.

Өткен маусымда Карим Бензема мадридтік клуб құрамында Чемпиондар лигасы мен Испания чемпионатын жеңіп алды. 

Сондай-ақ, аталған салтанатты шарада үздік бапкер атағына «Реал Мадрид» клубына жетекшілік ететін Карло Анчелотти ие болды.