Қарашығанақ кенішінде 67 млн астам теңгенің кабелін ұрлаған қызметкер ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, компания қызметкері Қарашығанақ кенішіндегі зауыт аумағынан биылғы 5 маусым мен 28 қазан аралығында 7047 метр кабель жымқырған.
Полиция қызметкерлері 42 жастағы К-ны қолға түсірді. Ол зауыт қызметкері болғандықтан, еркін кіріп, 67 млн астам теңгенің мүлкін жасырын жымқырған.
Қазіргі кезде аталған дерек бойынша ҚР ҚК 188-бабы 4-бөлігіне (ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.