27 қаз, 2020 сағат 11:46

Карантиндік стационарға ұшақ жолаушылары түскен жоқ – Сәдуақас Байғабылов

Нұр-Сұлтанға барлық әуе жолаушылары ПТР-тест анықтамаларымен келді. Бұл туралы Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов айтып берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«27 қазанға қараған түні Нұр-Сұлтан қаласына Түркиядан 138 әуе жолаушысы келді, оның ішінде Қазақстанның 101 азаматының барлығы COVID-19 ПТР-анықтамасымен келді. Нұр-Сұлтан қаласының карантиндік стационарына бүгін ешбір жолаушы түскен жоқ», - деді С. Байғабылов. 

Еске сала кетсек, Қазақстанға келетіндерден, оның ішінде Қазақстан азаматтарынан ПТР-анықтама талап ету бойынша шектеулер енгізілді.