17 там, 2020 сағат 14:37

Карантин талабын бұзған 123 заңды тұлға 62,6 млн теңге айыппұл төледі

Карантин талабын бұзған 123 заңды тұлға 62,6 млн теңге айыппұл төледі. Бұл ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов растады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Осы жылғы шілденің 5-інен бастап осы күнге дейін карантин талаптарын бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 425-бабымен 123 заңды тұлға әкімшілік жауапқа тартылды. 13 тамыздағы деректерге сәйкес, заңды тұлғалар төлеген әкімшілік айыппұлдың жалпы сомасы 62,6 млн теңгені құрады», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында. 

Бұған дейін осы жылдың 5 шілдесінен бері жабық ғимаратта, қоғамдық орындарда және көшеде маска тақпағаны үшін 2 778 адамға айыппұл салынғанын хабарлаған едік.