26 жел, 2020 сағат 11:27

Карантин: Фитнес, спорт кешендері қызметіне қандай талаптар қойылған

Карантин шараларын күшейт туралы жаңа қаулыда фитнес, спорт кешендері қызметін көрсету бойынша объектілердің қызметіне қойылатын талаптар айқылдалған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қаулы мәтініне сәйкес, спорттық жаттығуларды өткізу кезіндегіні қоспағанда келушілердің киім ауыстыратын орынға дейін міндетті түрде маска кию керек. 

Сонымен қатар, жаттығу залында алдын ала жазу арқылы бір адамға 5 ш. м. есебінен жаттықтырушылардың санын шектей отырып, топтық сабақтар өткізуге жол беріледі.

Тренажер залдарында кемінде 2 м әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ете отырып, жабдықты орналастыру және оған қол жеткізу қамтамасыз етіледі. Тренажерлерді, мүкәммалды және беткейлерді өңдеу және дезинфекциялау әр сағат сайын жүргізіледі.

Киім ауыстыратын орындардағы келушілерге арналған жеке шкафтарды әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жалпы санының 50% - нан асырмай пайдалануды, персоналдың келушілерді бөлуін үйлестіруді жүзеге асыруын қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ желдету режимінің сақталуын қамтамасыз ете отырып, профилактикалық тексеру (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Қаулының толық мәтінін мына жерден көруге болады.