#
#
Бейсенбі 13/08/2020

Карантин: 65 жастан асқан адамдардың сыртқа шығуына шектеу қойылады

  • 02.07.2020
  • 0
  • 303

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында азаматтардың жүріп-тұруы бойынша нақты шектеу шаралары бекітілді, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Атап айтқанда, мынадай шешім қабылданып отыр:

1. Ойын-сауық, спорт және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын өткізуге тыйым салу;

2. Ашық ауада жаттығу жасауға рұқсат ету;

3. Тұрғындардың көшеде, саябақта, скверде 3 адамнан артық серуендеуін шектеу;

4. 65 жастан асқан адамдардың сыртқа шығуын шектеу.

Еске сала кетейік, бүгін Мемлекеттік комиссия эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекіткен болатын.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар