#
#
Cәрсенбі 23/09/2020

Карантин: 17 тамыздан кейін қандай шектеулер сақталады?

  • 13.08.2020
  • 0
  • 136

17 тамыздан бастап Қазақстанда коронавирус инфекциясына байланысты енгізілген карантин шаралары жеңілдетіледі. Алайда бірқатар нысанның жұмысына тыйымдар сақталмақ, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Атап айтқанда, 

- ойын-сауық, спорттық, отбасылық, естелік, салтанатты және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге, сонымен қатар үйде өткізуге; 

- барлардың, түнгі және ойын клубтарының, караоке, фудкорттардың, кинотеатрлардың және балалар мен ересектерге арналған басқа да ойын-сауық орындарының жұмысына; 

- мәдениет нысандарының, музейлердің қызметіне, конференциялар, көрмелер, форумдар өткізуге;

- бассейндер, қалалық және қоғамдық жағажайлар, ашық аквапарктердің жұмысына; 

- діни нысандардың жұмысына; 

- қала маңындағы жолаушылар пойыздарының/электричкалардың қозғалысына, жұмыс пойыздарын, қалааралық автобустарды/микроавтобустарды қоспағанда, ортақ вагондарды құруға тыйым салынады. 

Сондай-ақ эпидемиологиялық жағдайды одан әрі тұрақтандыру мақсатында демалыс күндері шектеу шаралары сақталады. 

«Маска режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтау ‒ барлық адамдар үшін сақталуы тиіс міндетті санитарлық талаптар және бұл азаматтардың күнделікті өміріндегі ережелерге айналуы қажет. Бизнес субъектілерінің қызметін олар толық дайын болған жағдайда ғана қайта бастау қажет», — деді Үкімет басшысы Асқар Мамин бүгін өткен мемлекеттік комиссия отырысында. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар