28 шіл, 2021 сағат 14:30

Қарағандылықтар Маңғыстау облысына 6 мың тең шөп жіберді


Қарағандылықтар Маңғыстау облысы фермерлерінің проблемаларынан тыс қалған жоқ. Құрғақшылықтың салдарынан олар малға қажетті жем-шөпсіз қалды. Кеншілер шаһарының тұрғындары 6 мың тең шөп жинап, аттандырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қарағандылықтар құрғақшылықтан зардап шеккен Маңғыстау облысына 6 мың тең шөп жіберді. ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы «Қиындықта ел бірге» қайырымдылық жобасына бастамашылық етті. 

Қарағанды облысының дін қызметкерлері, сондай-ақ мешіттердің жамағаты қайырымдылық акциясына қатысты. Олар Маңғыстау облысының Шетпе және Бейнеу аудандарында төрт вагон шөп жинап, жөнелтуді ұйымдастырды.