Қарағандылықтар ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тілеп жатыр. Облыстағы көптеген еңбек ұжымдары қолдау білдіруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақмыс компаниялар тобы, кеншілер, байытушылар мен металлургтердің еңбек ұжымдары Елбасыға оптимизм мен энергия тіледі.
«Біздің Елбасымыз, сізге тезірек сауығып кетуді тілейміз!
Пандемиямен байланысты қазіргі күрделі жағдайда, біз короновирус инфекциясына қарсы күресте мемлекеттік бастамаларға белсенді қатысамыз.
Қазақмыс жұмысшылардың денсаулығын сақтау және өндірістің әрі қарай үздіксіз жалғасуын қамтамасыз ету үшін барлық қолдан келетін шараларды жасап жатыр. Сіз сияқты рухы мықты адам бұл сынақты жеңе алады деп сенеміз!» делінген хатта.
Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен жұмысшылар Елбасының тезірек сауығуып кетуін тіледі.
«Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды өңіріне ыстық ықыласпен және ерекше мейіріммен қарайды. Біздің Тұңғыш Президентіміз күрделі сынақтарды ойдағыдай еңсеріп келеді. Елбасы бұл аурудан тезірек айығатынына сенімдіміз», - деп тілек білдірді қарағандылықтар.
Тұңғыш Президентке «Шұбаркөл Көмір» АҚ, «Қазмырыш» кен басқармасы, «Sary Arka Copper Processing» ЖШС, «Алтыналмас» АҚ, «Коунрад мыс компаниясы» ЖШС, «Алтай Полиметаллы» ЖШС, «Гефест» компаниялар тобы, «ГК SAT Komir» АҚ және басқа компаниялар ұжымы саулық тілеп, телеграмма жіберді.