22 қаз, 2021 сағат 18:41

Қарағандыда жас жігіт екі студентті пышақтады


17 жастағы жігіт екі студентті пышақтады. Қазір полиция жанжалдың себебін анықтап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

22 қазанда Қарағандыда сағат 02.40 шамасында Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің жатақханасынан ауруханаға пышақталған 17 және 18 жастағы екі студент жеткізілген. 

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнында 17 жастағы күдікті ұсталды. Ол зардап шеккендерге ашуланып, пышақ жарақатын салғанын мойындады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201 - бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.