11 ақп, 2021 сағат 09:13

Қарағандыда шағын несие ұйымының кассирін өртеп жібермек болғандар ұсталды

Қарағандыда шағын несие ұйымының кассирін өртеп жіберемін деп қорқытып, қарақшылық жасаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". 

Еске сала кетейік, оқиға 9 ақпан күні болды. Қарағандыда белгісіз екі азамат шағын несие беру ұйымдарының біріне қарақшылық шабуыл жасаған болатын. Кассирге бензин құйып, олар үй-жайды өртеп жібереміз деп қорқытып, кассадағы ақшаны иемденген болатын. 

Оқиғадан кейін дереу Қарағанды облысы ПД тәжірибелі қызметкерлерінен жедел топ құрылды. Бір күннен кейін күдіктілер ұсталды.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 19 және 28 жастағы екі күдіктіні ұстады. Олар істеген істерін мойындады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.