14 қар, 2016 сағат 10:58

Қарағандыда қаза тапқан шахтерлердің отбасына 10 жылдық жалақы беріледі

Қарағандыдағы "Саран" шахтасында қаза тапқан жұмысшылардың отбасына 10 жылдық жалақы беріледі. Сондай-ақ, оларға қосымша көмек көрсетілетін болады. Бұл туралы ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты, - деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі  Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

"Келісімге сәйкес, көмір департаментінің өкілдері мен комбинаттағылар қажетті көмекті көрсетіп жатыр. Мен қаза тапқандардың отбасына шамамен он жылдық жалақаның берілетінін білемін, онымен қоса оларға әлеуметтік көмек көрсетіледі. Әкімдіктегілер бұл мәселені бақылап отыр. Мен біздің тараптың атынан он күннің ішінде тергеу жұмыстарының жүргізілетінін және оның нәтижелерін ресми түрде хабарлайтынымызға уәде беремін", - деді Жеңіс Қасымбек үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Сондай-ақ, министр тергеу жұмыстарын жүргізу үшін ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің тапсырысымен арнайы комиссияның құрылғанын айтып өтті. Ол комиссияның құрамында Индустриалды даму комитетінің мамандары, облыстық департамент өкілдері, кәсіпорындағы қауіпсіздік қызметінің өкілдері, "Арселор Миттал Қазақстан" көмір департаментіндегілер мен әкімдіктегілер. Сондай-ақ, ІІМ мен прокуратура өкілдерінің қылмыстық іс қозғағаны айтылды.

Еске сала кетейік, 10 қарашада Қарағандыдағы "Саран" шахтасында төтенше жағдай болған еді. Үш адам қаза тауып, бес адам зардап шекті. Алдын ала мәліметтер бойынша, шахтада адамдарды тасуға арналған аспалы жолдың үзіліп кетуіне байланысты болуы мүмкін. Ал кейінірек төтенше жағдайдан ауруханаға түскен төртінші шахтердің көз жұмғаныхабарланған болатын.