Қарағандыда бөтен шоттан 1 млн теңгеге жуық ақша шешіп алған ер адам ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
12 қарашада Қарағанды қаласы ПБ Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне 34 жастағы қала тұрғыны келіп шағым жазған. Ол белгісіз тұлға банкоматтан оның шотынан 970 мың теңге шешіп алғанын хабарлады.
Полиция банкоматқа орнатылған бейнекамераның жазбасын зерттеп, қомақты соманы иемденген азаматты анықтады.
«19 қарашада жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдікті – 34 жастағы ер адамды ұстады. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.