«АрселорМиттал Теміртау» кеншілері мен металлургтері ҚР Тұңғыш Президентіне қолдау білдірді деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Біз тез сауығып кететініңізге сенімдіміз. Сіздің жүрегіңіз бен мінезіңіз Қазақстан Магниткасының домнасында құйылғаны бекер емес. Шын жүректен сіздің тезірек сауығып кетуіңізді тілейміз», - деп жазды «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының жұмысшылары.
Сонымен қатар, жұмысшылар Елбасыға күрделі кезеңде қазақстандықтарға карантин қиындықтарын жеңуге көмектесетін «Біргеміз» қорын құрғаны үшін алғыс білдірді.