Қарағандыда қылмыстық топтың мүшелері қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру кезінде ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ұйымдасқан қылмыстық топ үш жыл ішінде 4 млрд теңгеден астам қаражатты қолма-қол ақшаға заңсыз түрде айналдырған. Заңсыз схемаға бақылаудағы 6 жалған компания тартылған. Қылмыстық іс-әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке төленбеген салық түрінде 1 миллиард теңгеден астам сомаға залал келтірілді», делінген хабарламада.
Вдеоствоның мәліметінше, тінту кезінде 6 млн-нан астам теңге, банк карталары («Forte Bank» АҚ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Каспи банк» АҚ, «RBK Bank» АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ), бухгалтерлік құжаттар және компаниялар мөрлері табылып, тәркіленді.
Қазіргі уақытта ұйымдасқан қылмыстық топ құру және жалған шот-фактураларды заңсыз ресімдеу фактілері бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.