02 там, 2021 сағат 14:24

Қарағанды фармацевтика кешені «Спутник V» вакцинасының 5 млн дозасын жасап шығарды


Қарағанды фармацевтика кешені «Спутник V» вакцинасының 5 млн дозасын шығарды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" кешеннің Telegram парақшасына сілтеме жасап.

Қарағанды фармацевтикалық кешені ел азаматтарын вакциналау үшін «Спутник V» препаратының 5 млн дозасын жеткізу бойынша міндеттемесін уақытында орындады. 

Сөйтіп коронавирусқа қарсы ресейлік ғылыми-зерттеу орталығының препаратын шығару және жеткізу бойынша жаңа міндеттеме алды.

ҚФК мен СҚ-Фармация арасында азаматтарды вакциналау үшін тағы «Спутник V» екпесінің 2 млн дозасын жеткізу туралы келісім жасалды.

Шартты орындау мерзімі - 2021 жылғы тамыз-қыркүйек айлары. 

Келісімшарт талаптары бастапқы кезеңдегідей (ҚР 5 млн дозамен қамтамасыз ету) толық көлемде сақталады.