14 қаз, 2021 сағат 14:47

Қарағанды аттракционындағы әйелдің өлімі: Күдікті 2 айға қамауға алынды


Қарағандыда әйел өлімі болған аттракционның нұсқаушысы қамауға алынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Қарағанды қаласының мамандандырылған тергеу соты аттракционның нұсқаушысын екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді», - деп делінген облыстық соттың баспасөз хабарламасында. 

Естеріңізге сала кетейік, 10 қазан қонақ үйдің шатырына орнатылған аттракционда 25 метр биіктіктен секірген әйел көз жұмды.

Бір күннен кейін полиция аттракционның нұсқаушысын ұстаған болатын. Күдіктіге қатысты тексеру жүргізілді.