14 нау, 2022 сағат 15:20

Қаңтарда тәртіпсіздіктердің алдын алу үшін қамау дұрыс шешім болғанын мойындау керек - Әзімова


Қаңтардағы қамауға алу тәртіпсіздіктердің алдын алу үшін басым шешім болғанын мойындау керек. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елімізде «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Заң қабылданды. Осы Заң төтенше жағдай кезінде бізге көмегі нақты тиді. Себебі біз Заң аясында біраз мониторинг жұмысын жүргіздік. Оның ішінде 33 мониторинг іс-шарасы аясында ұсталғандардың ең көп саны және бұзушылықтар туралы хабарлама түскен 8 қалаға ерекше назар аудардық. Олар: Алматы, Талдықорған, Өскемен, Шымкент, Атырау, Тараз, Қызылорда және Семей. Осы арада құқық қорғаушылармен тәулік бойы байланыста болдық. Тәуелсіз мониторинг тек ұсталғандармен кездесуді ғана емес олардың туыстарымен кездесулерді, прокуратура, полиция және әкімдіктер басшылығымен кездесулерді де қамтыды. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары, атап айтқанда прокуратура құқық қорғаушылармен ашық әріптестікке дайындығын көрсетті. Бұл елеулі прогресс», - деді ол қаңтар оқиғаларына қатысты мәселелер көтерілген отырыста.

Сонымен бірге ол қаңтардың басында ұстау мекемелеріндегі ауыз суға, тамақтануға қатысты проблемалар және ұсталғандардың болуы үшін қажетті құрал-жабдықтардың жоқтығы туралы хабарламалар тіркелгенін айтты. 

«Қазіргі таңда осы фактілер бойынша сотқа дейінгі қудалау жалғасуда. Дене жарақатын алған азаматтар уақытша ұстау изоляторында 5-9 қаңтар аралығында алғашқы медициналық көмек көрсетілмегендігі туралы хабарлады. 9 қаңтарда Алматыда азаматтық ауруханада болған азаматтарды уақытша ұстау изоляторына қамауға алу қоғамдық резонанс тудырды. Медициналық қамтамасыз ету туралы келіссөздерден кейін 29 жаралы адам азаматтық ауруханаларға ауыстырылды. Ұсталғандардың қалғандарына ауруханаларға жатқызу қажеттілігінің жоқтығы туралы медициналық қорытынды негізінде азаматтық дәрігерлердің тұрақты түрде баруы ұйымдастырылды. Сондай-ақ қаңтар айында қамауға алу тәртіпсіздіктердің алдын алу үшін басым шешім болғанын мойындау керек», - деді Эльвира Әзімова.