21 ақп, 2022 сағат 14:52

Қаңтар оқиғасы: Соттың санкциясымен 469 адам қамауда отыр


Қаңтар оқиғасы бойынша соттың санкциясымен 469 адам қамауда отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Өткен жолғы брифингіде мемлекеттік нысандарға шабуыл жасаушылардың іс-әрекеттері терроризм актілері және жекелеген тұлғалардың іс-әрекеттері жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу ретінде сараланатын жағдайлар туралы айтылды. Ведомствоаралық тергеу тобы арнайы прокурорлардың басшылығымен аталған санаттағы 91 істі тергеуде, оның ішінде терроризм актілері бойынша – 46 және жаппай тәртіпсіздіктер бойынша - 45. Бұл істерді тергеу аясында соттың санкциясымен 469 адам қамауда отыр», - деді Қилымжанов. 

Оның айтуынша, жеке басын, жасалған қылмыстағы рөлін, тергеуге жәрдемдесуді ескере отырып, 128 күдіктіге қатысты қамауда ұстау - ешқайда кетпеу туралы қолхатқа, кепілге және жеке кепілгерлікке ауыстырылды.