Фото ©REUTERS
"Қазақстан халқына" қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесі отырысында қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде жараланғандар мен қаза тапқандардың отбасына материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қор қаза болғандардың отбасына көңіл айтып, қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккендерге қолдау білдірді.
"Қаза болған әрбір әскери қызметшінің, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің, оқиғаның кездейсоқ құрбаны болған азаматтардың отбасына 7 миллион теңгеден материалдық көмек көрсетіледі. Бұл ретте ауыр жараланған әскери қызметшілерге, ішкі істер және Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ жараланған балалардың отбасына 3 миллион теңгеден бағытталады", - делінген хабарламада.
