#
#
Жексенбі 09/08/2020

«Канелоның» Головкинмен үшінші айқасы алдындағы қарсыласы белгілі болды

  • 10.07.2020
  • 0
  • 187

WBA Super нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес (53-1-2, 36 КО) 12 қыркүйекте рингке оралмақ ниетте, деп хабарлайды sports.kz.

ESPN Deportes ақпаратына қарағанда, мексикалықтың командасы өздеріне екі қарсыласты белгілеп отыр. Олардың алғашқысы — украиндық Сергей Деревянченко (13-2, 10 КО), ал екіншісі - WBA Super нұсқасы бойынша супер орта салмақтағы әлем чемпионы Каллум Смит (27-0, 19 КО).

Таяуда Деревянченконың бапкері Андре Розье, оған кіммен айқасса да, мейлі Альварес немесе Джермалл Чарло бәрібір (33-1, 17 КО), деп мәлімдеген еді.

Деревянченко да 12 қыркүйектегі кездесуге дайындықты бастап кетті.

Айта кетсек, 2021 жылы «Канелоның» қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші айқасы күтіліп отыр.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар